1-қадам. Туристік компанияны таңдау және сипаттау
Instagram немесе Facebook желісінен 1 туристік компанияны таңдаңыз.
Таңдау критерийлері:
- кемінде 1000+ жазылушы
- соңғы 1 айда белсенді пост салған
- турлар сататын немесе турпакет жарнамалайтын болуы керек
Есептің басына енгізіңіз:
- Компания атауы
- Аккаунт сілтемесі
- Қызмет түрі (ішкі/сыртқы туризм, авиабилеттер, экскурсиялар т.б.)
- Географиясы (Қазақстан, Еуропа, Түркия, Дубай т.б.)
2-қадам. Соңғы 10 постты жинау (Контент-портфель)
Компанияның соңғы 10 постын қарап, әр постқа төмендегі мәліметтерді жазыңыз:
Әр пост бойынша:
- Пост күні
- Пост тақырыбы (не туралы?)
- Форматы: фото / карусель / reels / story (егер сақталған болса)
- Негізгі ұсыныс: тур/баға/скидка/оқиға
- CTA: (“жазыңыз”, “бронь”, “direct” т.б.)
- Қолданған хэштегтері
Міндетті: осы 10 посттың кемінде 3-еуіне скриншот жасаңыз.
3-қадам. Контент талдау (мақсатты аудитория + эмоция)
Соңғы 10 постты талдау үшін контент-талдау матрицасын қолданыңыз.
A) Аудиторияны анықтау (персона әдісі)
Әр постқа сәйкес аудиторияны анықтаңыз:
- Жасы: 18–25 / 25–35 / 35+
- Әлеуметтік деңгейі: студент / жас отбасы / бизнес
- Мотив: арзан баға / жайлы сервис / приключение / престиж
- Ауырсынуы (pain points): уақыт жоқ / сенімсіз компания / қымбат / виза қиын
- Қажеттілігі (need): дайын тур / бөліп төлеу / гид / трансфер
Соңында “ортақ аудитория профилін” жасаңыз (1 абзац).
B) Эмоциялық әсерді анықтау (эмоция картасы)
Әр посттың қандай эмоция тудыратынын белгілеңіз:
- Қуаныш / қызығу
- Сенім / қауіпсіздік
- Қызғаныш / FOMO
- Тыныштық / демалыс
- Романтика
- Adventure / драйв
📌 Нәтиже: “Компания контенті көбіне қандай эмоцияға негізделген?” деген қорытынды жасаңыз.
4-қадам. ChatGPT арқылы жарнамалық мәтін генерациялау
ChatGPT ашып, төмендегі күрделі промпттарды қолданыңыз.
Промпт 1 (копирайт)
Сұрау:
“Студенттерге арналған Алматы қаласына 2 күндік турға жарнамалық мәтін құрастыр.
Тіл: қазақша.
Стиль: жастарға арналған заманауи, жеңіл және сенімді.
Құрылымы:
Хук (1 сөйлем)
Негізгі ұсыныс (бағдарлама қысқаша)
Қандай пайда береді (3 пункт)
Баға/акция (мысалы, студенттік жеңілдік)
CTA (Direct/WhatsApp)
Шектеу: 700–900 таңба.”
Промпт 2 (3 түрлі нұсқа)
“Осы турға 3 түрлі нұсқада жарнама мәтінін жаса:
эмоционалды
ақпараттық
сатылымға бағытталған.”
Промпт 3 (хэштег + контент жоспар)
“Осы постқа 15 хэштег ұсын (қазақша+орысша аралас).
Сонымен қатар 1 апталық контент жоспар жаса: 5 пост идеясы + қысқа тақырып.”
7-қадам. Салыстырмалы кесте (ресми пост vs ЖИ пост)
Кестені 2 баған түрінде жасаңыз:
| Критерий |
Компанияның ресми посты |
ЖИ-генерирленген пост |
| Мақсатты аудитория | | |
| Стиль/тон | | |
| Эмоция | | |
| УТП (артықшылық) | | |
| CTA | | |
| Дизайн | | |
| Күшті жағы | | |
| Әлсіз жағы | | |
Міндетті: 2-3 нақты дәлел келтіріңіз (мысалы сөйлемдермен).
8-қадам. ЖИ маркетингке қалай көмектеседі? (5 қорытынды)
Есептің соңында төмендегі бағытта 5 қорытынды жазыңыз:
Қорытынды тақырыптары:
- Контент жасау жылдамдығы
- Мақсатты аудиторияға бейімдеу (персонализация)
- Креатив идея генерациялау
- Пост құрылымын жақсарту (CTA, оффер)
- A/B тест жасауға көмектесу