💻№8 Практикалық сабақ

Туристер пікірлерін талдау

Looker Studio арқылы клиент пікірлерін талдау (Sentiment + Keywords + Dashboard)

1 Сабақтың мақсаты

Туристердің пікірлерін жинап, оларды жасанды интеллекттің көмегімен талдау. Қонақ үйлер мен мейрамханалардың күшті және әлсіз жақтарын анықтауды үйрену.

Ұзақтығы: 3 сағат

Мақсаты: Студенттерді Google Looker Studio платформасында клиенттердің пікірлерін (feedback/reviews) талдау, пікірдің эмоционалдық тоналдығын анықтау (sentiment), кілт сөздерді шығару және интерактивті визуалды есеп (dashboard) құруға үйрету.

Оқу нәтижелері

Практика соңында студенттер:

  • Google Sheets-та пікір деректерін дайындайды;
  • Sentiment талдауын формула/ереже арқылы орындайды;
  • Keywords (кілт сөздер) анықтайды;
  • Looker Studio-да dashboard жасайды;
  • Filter, date range control қосып интерактив есеп шығарады;
  • Қорытынды аналитикалық есеп жазады.

Сабақ құрылымы (3 сағат)

Уақыт Кезең Мазмұны
1 сағ Деректерді дайындау (Google Sheets) Кесте енгізу, тазалау, формула қосу
2 сағ Sentiment + Keywords аналитика Rule-based sentiment, score есептеу
3 сағ Looker Studio Dashboard Диаграмма, сүзгі, есеп шығару

Қажетті құралдар

  • Google аккаунт (Gmail)
  • Google Sheets
  • Google Looker Studio: lookerstudio.google.com
  • Интернет браузер (Chrome / Edge)

Жұмыс қадамдары

✅ 1-қадам. Google Sheets-та деректерді енгізу (15 минут)

ID Клиент аты Пікір мәтіні Баға (1–5) Күні
1АйгүлБөлме өте таза және қызмет жоғары деңгейде!52025-02-10
2ТимурТаңғы ас мәзірі нашар, қызмет баяу.22025-02-10
3КаринаРесепшн өте сыпайы, бірақ бөлме суық болды.32025-02-12
4МарияТамаша демалыс! Ұжым өте көңілді!52025-02-12
5ӘлиханWi-Fi нашар ұстайды, бірақ орналасуы ыңғайлы.32025-02-14
6ДинараҚызметкерлер дөрекі, бөлме лас болды.12025-02-14
7РусланБағасы қымбат, бірақ сапасы жақсы.42025-02-16
8АлинаТүнде шу көп болды, ұйықтай алмадым.22025-02-16

✅ 2-қадам. “Сөздік” парағын құру (Lexicon) (15 минут)

sentiment-ті сөздік (dictionary) арқылы жасаймыз.

✅ Positive және Negative сөздер

Positive_words Negative_words
тазанашар
тамашабаяу
жақсысуық
көңілділас
ыңғайлыдөрекі
жоғарышу
сыпайықымбат
сапасыұстамайды

✅ 3-қадам. Пікірлер парағында есептеу бағандарын қосу (40 минут)

Негізгі параққа қайтып келіңіз (Reviews деп атасаңыз болады).
Кестенің соңына мына бағандарды қосыңыз: Positive_count | Negative_count | Sentiment | Sentiment_score | Topic

3.1 Positive_count формуласы

F2 ұяшығына:

=SUMPRODUCT(--ISNUMBER(SEARCH(Lexicon!A2:A9;C2))) =СУММПРОИЗВ(--ЕЧИСЛО(ПОИСК(Lexicon!A$2:A$9;C2)))

Ескерту: A2:A9 диапазоны positive сөздер тұрған жерге сәйкес болсын.

3.2 Negative_count формуласы

G2 ұяшығына:

=SUMPRODUCT(--ISNUMBER(SEARCH(Lexicon!B2:B9;C2)))

3.3 Sentiment (категория)

H2 ұяшығына:

=IF(F2>G2;"Positive";IF(G2>F2;"Negative";"Neutral"))

3.4 Sentiment_score (сандық индекс)

I2 ұяшығына:

=F2-G2

3.5 Topic (тақырыптық классификация)

J2 ұяшығына:

=IF(REGEXMATCH(LOWER(C2);"ас|таңғы");"Food"; IF(REGEXMATCH(LOWER(C2);"бөлме|суық|лас");"Room"; IF(REGEXMATCH(LOWER(C2);"қызмет|ресепшн|қызметкерлер");"Service"; IF(REGEXMATCH(LOWER(C2);"wi-fi|интернет");"Internet"; IF(REGEXMATCH(LOWER(C2);"шу");"Noise";"Other"))))) =ЕСЛИ(REGEXMATCH(СТРОЧН(C2);"ас|таңғы");"Food"; ЕСЛИ(REGEXMATCH(СТРОЧН(C2);"бөлме|суық|лас");"Room"; ЕСЛИ(REGEXMATCH(СТРОЧН(C2);"қызмет|ресепшн|қызметкерлер");"Service"; ЕСЛИ(REGEXMATCH(СТРОЧН(C2);"wi-fi|интернет");"Internet"; ЕСЛИ(REGEXMATCH(СТРОЧН(C2);"шу");"Noise";"Other")))))

Бұл — пікірді автоматты topic моделге бөледі.

Looker Studio интеграциясы және Dashboard

✅ 4-қадам. Looker Studio-ға қосу (10 минут)

  • https://lookerstudio.google.com/
  • Blank Report
  • Add data → Google Sheets
  • Файл: Қонақүй_пікірлер_advanced
  • Reviews парағын таңдаңыз → Add

✅ 6-қадам. Интерактив басқару элементтері (15 минут)

  • 6.1 Date Range Control: Күні бойынша дата фильтр
  • 6.2 Drop-down filter:
    - Sentiment бойынша фильтр
    - Topic бойынша фильтр

✅ 5-қадам. Dashboard құру (60 минут)

5.1 Есептің Title:
“Қонақүй пікірлерін талдау Dashboard”

5.2 KPI карточкалар (Scorecards):
Total Reviews → COUNT(ID)
Average Rating → AVG(Баға)

5.3 Pie Chart — Sentiment үлесі:
Dimension: Sentiment | Metric: Record count

5.4 Column Chart — Topic бойынша пікір саны:
Dimension: Topic | Metric: Record count

5.5 Bar chart — Topic бойынша орташа баға:
Dimension: Topic | Metric: AVG(Баға)

5.6 Line chart — Күн бойынша динамика:
Dimension: Күні | Metric: AVG(Баға)

5.7 Table — Теріс пікірлер тізімі:
Columns: Клиент аты, Пікір мәтіні, Баға, Negative_count, Topic
Filter қосыңыз: Sentiment = Negative

✅ 7-қадам. Қорытынды есеп (20 минут)

Студент Word немесе Google Docs-та жазады:

✅ Қорытынды үлгісі:

Жалпы пікір саны: __
Орташа баға: __

Sentiment үлесі: Positive __%, Neutral __%, Negative __%

Теріс пікірлер негізгі себептері: (Topic бойынша)

Ұсыныстар:

  • Food: мәзір сапасын жақсарту
  • Service: персонал тренинг
  • Room: жылыту/тазалық бақылау
  • Internet: Wi-Fi күшейту
  • Noise: түнгі тыныштық регламенті

📊 Нәтиже

Dashboard ішінде міндетті түрде болуы керек:

  • KPI карточкалар
  • Sentiment Pie Chart
  • Topic графиктері
  • Теріс пікірлер кестесі
  • Date filter + Topic filter
  • Аналитикалық қорытынды

Бағалау критерийлері 100 балл

Критерий Балл
Деректерді Sheets-та дұрыс дайындау 20
Sentiment және score формулалары 30
Topic классификация 20
Looker Studio dashboard 20
Қорытынды есеп 10

Бақылау сұрақтары:

  1. Туристер пікірлерін талдау не үшін маңызды?
  2. ЖИ пікірлерді талдау кезінде қандай нәтижелер береді?
  3. Пікірлерде жиі кездесетін негізгі тақырыптар қандай?
  4. ЖИ көмегімен қонақүйдің күшті және әлсіз жақтары қалай анықталады?
  5. Нәтижелерді ресми рейтингпен салыстыру не үшін қажет?
  6. Пікірлерді талдау басқарушылық шешімдерге қалай әсер етеді?

Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Баймухамедов М .Ф ., Баймухамедова А .М ., Боранбаев С.Н. Жасанды интеллект: Kaзipri заманғы теория және тәжірибе / Artificial Intelligence: Modern Theory and Practice: оқу құралы / М.Ф.Баймухамедов, А.М.Баймухамедова, С.Н.Боранбаев, 2 бөлім - Алматы: «Бастау», 2020. - 240 бет. https://rmebrk.kz/book/1174973
  • Муканова Б.Ш., Атикеева С.Н., Сальменова С.К. Қонақжайлылық индустриясының негіздері: оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: «Тұран-Астана» Университеті, 2021. - 148 б. ISBN 978-601-7616-63-2. https://rmebrk.kz/book/1172011
  • Киссинджер, Г. және т.б. Жасанды сана және адамзаттың жаңа дәуірі. / Г. Киссинджер, Э. Шмидт, Д. Хаттенлокер; Орысшадан ауд.. - Астана: Zerde Publishing, 2024. - 190б. -ISBN 978-601-80110-7-8. https://rmebrk.kz/book/1188453
  • Сафарян, Азат Арменович. Современные тенденции в туризме: учебное пособие/ А.А. Сафарян. —Москва : Ай Пи Ар Медиа, 2025. —58с. —Текст : электронный. ISBN 978-5-4497-4499-9. https://www.iprbookshop.ru/152233.html
  • Абдель Вахед Э. А. М.Современные технологии в индустрии туризма и гостиничном сервисе: учебник / Э. А. М. Абдель Вахед, В. А. Мендельсон, Л. Н. Абу-талипова; Минобрнауки России, Казан. нац. исслед. технол. ун-т. –Казань : Изд-во КНИТУ, 2021. –204с.ISBN978-5-7882-3025-2. https://www.iprbookshop.ru/108057.html

Қосымша әдебиеттер:

  • Әуелханұлы, М. Жасанды интеллект әліппесі: Қазақша 1000+ промпт, оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: AI-Hub publishing баспасы, 2025. - 300б. -ISBN 978-601-09-9275-7. https://rmebrk.kz/book/1189476
  • Роботика. Сөйлесу ережесі және жасанды интеллект. – Алматы, 2019. – 202 б. ISBN 978-601-7940-18-8. https://rmebrk.kz/book/1178341
  • Боден, Маргарет А. ЖИ. Жасанды интеллект: табиғаты мен болашағы. / Қазақ тіліне аударған: Б.С. Омаров; Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. - Алматы: ТОО «Book Print», 2019. - 136б. -ISBN 978-601-7940-16-4. https://rmebrk.kz/book/1172008
  • Барабанова М.И., Богатырев С.Ю., Борисова О.В., Затевахина А.В., Круглова И.А., Лосев Н.А., Помулев А.А., Солодовников М.А., Шарафанова Е.Е., Шашина И.А. Искусственный интеллект в финансах: Монография [Электронный ресурс]/под ред. С.Ю.Богатырева.–СПб.: Издательство МБИ имени Анатолия Собчака, 2024.—492 с.–URL: https://www.ibispb.ru/science/scientific-publications/
  • Сурова, Н. Ю. Искусственный интеллект : монография / Н. Ю. Сурова, М. Е. Косов. — Москва : ЮНИТИ-ДАНА, 2021. — 408 c. — ISBN 978-5-238-03513-0. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/123354.html

WEB сайттар тізімі:

  • https://www.unwto.org — Дүниежүзілік туризм ұйымының (UNWTO) ресми сайты.
  • https://www.booking.com — Онлайн брондау платформасы, персонализация және динамикалық баға мысалдары.
  • https://trends.google.com — Google Trends: туризм бағыттарына қызығушылықты талдау.
  • https://www.weforum.org — Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF): AI және туризм туралы баяндамалар.
  • https://arxiv.org — Ғылыми мақалалар базасы (Artificial Intelligence, Machine Learning).